Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАРҒА, ҚАРИЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 04.10.2022 2316 0 пікір
БАС МҮФТИ БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАРҒА, ҚАРИЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтында тәлім алып жатқан имамдармен кездесті.

ҚМДБ Төрағасы институттың алғаш қабылданған шәкірттерін жаңа оқу жылымен құттықтап, игі тілегін білдірді.

«Дін мен дәстүрімізді сақтап қана қоймай, оны халық арасына көбірек дәріптеуде ғалымдардың орны мен рөлі ерекше. Сіздер – болашақ ғалымсыздар. Сіздер діни саладағы ағарту бағыты бойынша бастамаларымыздың жүзеге асуына үлкен үлес қосасыздар деп сенемін. Ол үшін осы сәтті, қолайлы жағдайды барынша тиімді пайдаланып, білім алуға тырысыңыздар. Біз өз тарапымыздан толыққанды білім алуларыңызға жағдай жасаймыз. Алла Тағала баршамыздың зейінімізді ашып, еліміз бен жеріміздің игілігі үшін аянбай қызмет етуді жазғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти дәрістен кейін институт жанындағы «Ижаза» орталығында Құран жаттап жатқан болашақ қарилармен де кездесіп, насихат айтты.

Еске салсақ, еліміздің 13 өңірінен 70-тен астам талапкер институтқа құжат тапсырды. Емтихан нәтижесі бойынша, 46 талапкер Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтына оқуға қабылданды. Оқуға түскен шәкірттердің 27-сі – Ислам ілімдері бөлімінде, 19-сы Құран ижазасы бөлімінде оқиды.

Айта кетейік, оқуға қабылданған 46 талапкердің 10-ы – үздік диплом иелері. 23-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аясында имамдық және ұстаздық қызмет атқарады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру