Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАЛЫДА ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.09.2022 2874 0 пікір
ҚАЗАЛЫДА ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазалы ауданында Жанқожа батыр атындағы Қарилар даярлау орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Бас мүфти аудан халқын діни оқу ордасының ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Өздеріңізге мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастарымыздың дұрыс діни білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Бүгін Қазалыда ашылған діни оқу ғимараты жас буын өкілдеріне дұрыс білім беруге қызмет етеді. Алла Тағала осы оқу ордасынан болашақ ғалымдар мен қарилардың шығуын нәсіп еткей. Кеше ғана Қызылорда қаласында Марал ишан атындағы медресе аштық. Бүгін Қазалы ауданында Жанқожа батыр атындағы жаңа діни оқу ордасы ел игілігіне беріліп отыр. Мақсатымыз – өскелең ұрпаққа тарихи тұлғаларымыздың өнегелі өмірін үлгі ету, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қарилар орталығының ашылу рәсіміне қатысқан Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев, зиялы қауым өкілдері мұсылман қауымына ізгі тілектерін жеткізді.

Бас мүфти салтанатты шарада Қарилар орталығын салуға үлес қосқан азаматтарға алғыс хатын табыстады.

Айта кетсек, жаңа ғимаратта бір мезетте 100 шәкірт тәлім алмақ. Орталықта дәрісхана, кітапхана, жатақхана, асхана бар. Жалпы аумағы – 900 шаршы метр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру