Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.09.2022 2219 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Сыр еліне жұмыс сапарымен барған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.

Кездесуде өңірдегі діни ахуал талқыланды. Сонымен қатар, имамдардың білімі мен біліктілігін көтеру, дін қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, аймақтағы мешіттерді кадрлармен қамтамасыз ету, халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу т.б. мәселелер сөз болды.

«Өзіңіз жақсы білесіз, Сыр өңірі – ең көп ахундар мен ишандар шыққан киелі мекен. Қазақ даласында ағартушылық істі ишандар мен ахундар, оқымысты ғұламалар дамытты. Олар халықты имандылыққа ұйытты. Осынау игі мақсатты жалғастыру ниетімен киелі Сыр елінде республикалық Құран жарысын өткізіп отырмыз. Ұйымдастыру іс-шаралдарына қолдау көрсеткеніңіз үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан алғысымды жеткіземін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы облыс басшысына игі ниетін жеткізіп, жаңа қызметіне береке тіледі. Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Айта кетсек, Қызылорда облысында 178 мешіт бар. Онда 250-ден астам дін қызметкері жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру