Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖОҒАРЫ МӘРТЕБЕЛІ ИМАМ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ БЕСІН НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.09.2022 3740 0 пікір
ЖОҒАРЫ МӘРТЕБЕЛІ ИМАМ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ БЕСІН НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, бесін намазына қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІ съезіне келген жоғары мәртебелі имамды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қарсы алып, республикалық құлшылық ордасымен таныстырды.

Әл-Азһар шейхы имамдыққа шығып, бесін намазын оқыды. Намаздан соң Бас мүфти құрметті қонаққа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, еліміздің дін қызметкерлеріне қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру