Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

muslim.kz 26.08.2022 2580 0 пікір
БАС МҮФТИ «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мектепке жол – 2022» акциясы аясында «Білімді ұрпақ – болашақ кепілі» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен бірнеше жыл бойы желісі үзілмей жалғасып келе жатқан қайырымдылық шара барысында Елорда мешіттерінің және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен 1500 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жабдықтар таратылды.

Сауапты шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Асыл дінімізде білім-ғылымның мәртебесі айрықша жоғары екенін атап өткен Бас мүфти жас бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, сабақтарын жақсы оқуға шақырды.

Айта кетейік, акция аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы 12 мешітке алдын ала өтініш білдірген 1500 тұрмысы төмен отбасыға көмек көрсетіліп отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру