Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АППАРАТ ЖИЫНЫНДА ЖЫЛ ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.08.2022 2674 0 пікір
АППАРАТ ЖИЫНЫНДА ЖЫЛ ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ Орталық Аппаратының кеңейтілген жиыны өтті.

Жиында ҚМДБ-ның жыл басында бекіткен жылдық жоспары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берілді. Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы ҚМДБ Төрағасының бағдарлық баяндамасы бойынша атқарылған іс-шаралар жайлы Бас мүфтиге баяндады.

«Бағдарлық баяндамама сәйкес өздеріңізге берілген тапсырмаларды ойдағыдай атқарып келесіздер. Әрқайсыңызды Діни басқарманың ел үшін, қазақ қоғамы үшін жасалатын игі істерін жоғары деңгейде атқарып шығуға, ізгілік жолындағы қызметімізді одан әрі жетілдіре беруге шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ Төрағасы жылдық жоспардың ойдағыдай өтіп жатқанын айта келе, алдағы уақытта да қызметке ыждағаттылықпен қарауды міндеттеді. Жиын соңында Бас мүфти бөлім меңгерушілері мен мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру