Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ 48 252 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (11.07.22)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.07.2022 4235 0 пікір
ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ 48 252 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (11.07.22)

Құрбан айттың үшінші күні республика бойынша 48 252 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді.

Республика бойынша 11 689 қой, 981 ешкі, 706 ірі қара және 1 түйе шалынса, айттың соңғы күні qurban2022.kz сайты арқылы құрбан шалуға 208 тапсырыс келіп түскен. Онлайн тапсырыс беру бойынша 170 қой, 26 ешкі, 2 ірі қара және 7 адам бірігу арқылы 10 ірі қара құрбандыққа шалынды.

Еліміз бойынша qurban2022.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебі, яғни, атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді.

Еске сала кетейік, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта атқарылды. Шалған құрбандық, ізгі ниет қабыл болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру