Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ БЕРЕКЕ ТІЛЕДІ

muftyat.kz 10.07.2022 2683 0 пікір
ТҮРКИЯ МҮФТИІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ БЕРЕКЕ ТІЛЕДІ

Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы, профессор Али Ербаш Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.

«Қасиетті Ислам діні арқылы абыройымызды арттырған, құрбандықтың түпкі мәні мен хикметі арқылы бізді Өзіне жақындата түскен құдіреті күшті Алла Тағалаға шүкіршілік етеміз. Өзіңізді және Қазақ еліндегі мұсылман бауырларымызды Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Ұлық мерекеде Ислам әлеміне және бауырлас қазақ еліне бақ-береке, тыныштық пен бейбіт өмір тілеймін» делінген құттықтау хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру