Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған жұмыс сапарында аймақ басшысы Архимед Бегежанұлымен кездесті.
Кездесуде өңірдегі діни ахуал, мешіт жұмысы туралы сөз болды. Облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жаңа мешіттің құрылысы туралы Бас мүфтиді хабардар етті.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Архимед Мұхамбетовке дін қызметкерлерінің игі бастамаларына көрсетіп жатқан қолдауына ризашылық ниетін жеткізіп, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
24.06.2022
3913
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру