Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АРДАГЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.06.2022 1066 0 пікір
БАС МҮФТИ АРДАГЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Елордада өткен кезекті аппарат жиналысында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы өз өтініштері негізінде жұмыстан босатылған Кадр бөлімінің қызметкері Байұзақ Бекмұратов пен заңгер Зейниш Мұхамеденқызына құрмет көрсетіп, ардагер қызметкерлерге қазақы салтпен иығына шапан, камзол жапты.

«Сіздер бірнеше жыл бойы діни салада тұрақты түрде қызмет еттіңіздер. Өздеріңізден кейінгі орта және жас буын өкілдеріне талмай еңбек етудің көркем өнегесін көрсеттіңіздер. Алла Тағала қаншама жыл істеген жұмыстарыңызға мол сауаптан жазып, күш-қуат нәсіп етсін» деп тілегін білдірді Бас мүфти.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Зейниш Мұхамеденқызына демеушілердің көмегімен үлкен қажылыққа жолдама берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру