Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИМАМДАРҒА ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.06.2022 4086 0 пікір
ИМАМДАРҒА ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында өтіп жатқан Қажылық-2022 уағызшыларының біліктілігін арттыруға арналған семинарда бөлім меңгерушілері, мамандар имамдарға қажылық миссиясын түсіндірді.

Алдымен Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов миссия жұмысын таныстырып, сапар барысын түсіндіріп өтсе, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы  Отандық қажыларды жат ағым ықпалынан сақтаудың жолдары мен әдіс-тәсілдеріне тоқталды. Одан кейін Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов қажылық сапарындағы фиқһ мәселелерін түсіндірсе, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны және Ислам тарихындағы оқиғаларды баяндап берді.

Ал семинарды түйіндеген Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров қажыларға уағыз айтуда тиімді тақырыптарды пайдалану жөнінде имамдарға кеңесін берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру