Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ҚАЖЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.06.2022 3235 0 пікір
БАС МҮФТИ ҚАЖЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаладағы жаңадан ашылған «Ержан хазірет» мешітінде жұма уағызын айтты.

ҚМДБ Төрағасы бес парыздың бірі болған қажылық жайлы жұма уағызын айтып, қажылық сапарға баруға мүмкіндігі бар мұсылманға қасиетті орынды зиярат ету, яғни қажылыққа бару – парыз екенін атап өтті.

«Алла Тағала қасиетті Құранда: «Жағдайы бар адамдар үшін Қағбаға барып, Алла алдында қажылық жасау – парыз» («Әли Имран» сүресі, 97-аят) деген. Ғалымдарымыздың түсіндіруінше, шамасы бола тұра, мән бермей, салғырттықпен немесе менсінбей қажылық амалын орындамаса, ол пенде үлкен күнә жасаған болып есептеледі. Сондықтан қажылыққа баратын адамдар бұған асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс» деді Бас мүфти.

Жаңа мешітте насихат айтқан ҚМДБ Төрағасы қажылық сапары мұсылман баласын рухани кемелденуге, ойы мен көзқарасының түзелуіне үлкен әсер ететінін алға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру