Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

halaldamu.kz 03.06.2022 2826 0 пікір
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ (ФОТО)

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтің төрағалығымен, сондай-ақ Техникалық реттеу департаментінің ұйымдастырумен өткен жиынға қатысты.

Бизнес құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары және стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандар, аудиторлар мен заңгерлер қатысқан басқосуда  техникалық реттеу саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, сертификаттау саласындағы монополизация мен мемлекеттік бақылау шаралары, «Е-КТРМ» техникалық реттеудің ақпараттық жүйесін іске қосу.

Жиында сөз алған Айбек Асқарбекұлы «Халал» Ислам дініне ғана тән ұғым екенін айта келіп: «Бұл мәселемен кәсіби қызметкерлермен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, яғни дін мамандары айналысқаны абзал. Сонымен қатар отандық халал өнімдерді экспорттау арқылы, халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды қалыптастырамыз. Халал өнімдердің сапасы мен саны да артып, халал өнім нарығын дамытамыз деп сенемін» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру