Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ватиканның еліміздегі жоғары лауазымды өкілі, Апостолдық нунций Френсис Ассизи Чулликатпен сұхбаттасты.
Кездесуде биыл қыркүйекте елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар бүгінгі таңда адамдар арасындағы татулық пен ортақ келісімді нығайтудың маңызы сөз болды. Ватиканның жоғары лауазымды өкілі Қазақстанда қалыптасқан діни келісім мен қазақ халқының бейбітсүйгіш қасиетін ерекше атап өтіп, уақыт бөліп, арнайы қабылдаған Бас мүфтиге алғысын білдірді.
Басқосуда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың түрлі бағыт бойынша атқарып келе жатқан жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
31.05.2022
2470
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру