Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.05.2022 646 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Тараз қаласына жасаған сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен кездесті.

ҚМДБ Төрағасы өңір басшысы Нұржан Молдиярұлының жаңа қызметіне табыс тілеп, Тараз төрінде өткен халықаралық конференцияға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Киелі Тараз өңірі Қазақстандағы дін Исламның алтын бесігі. Себебі Тараз өңірінен көптеген ғалым-ғұламалар шықты. Оның ішінде дін ғалымдары да болды. Тараздан түлеп ұшқан дін қайраткерлері өзге өңірлерге барып, Ислам дінінің қанатын кең жаюына ықпал етті. Өнер-ғылымның, дін мен руханияттың дамуы үшін тер төкті. Бүгінгі конференцияда осындай тараздық тұлғаларды көпшілікке дәріптеуді мақсат тұттық. Өзге елдерден, өз еліміздің әр аймағынан келген ғалымдарымыз баяндама жасап, тұлғаларымызды ұлықтады» деп атап өтті.

Өз кезегінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Бас мүфтиге облыс тұрғындарының ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, қашан да қолдау білдіріп, ел келешегі үшін маңызды жұмыстарды бірлесіп атқаруға дайын екенін жеткізді.

Басқосу соңында тараптар дін мен дәстүр сабақтастығы, асыл дініміздің беделін биіктету бағытында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыратын болып уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру