Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент оқырмандар клубы «Зейін» жастарымен жүздесті

muftyat.kz 11.04.2022 3319 0 пікір
Шымкент оқырмандар клубы «Зейін» жастарымен жүздесті

«Зейін» оқырмандар клубының кезекті басқосуына Шымкент қаласынан арнайы қонақтар келді.

Кітап оқуды жастар арасында насихаттап жүрген Шымкент оқырмандар клубының жетекшілері елордаға арнайы келіп, «Зейін» жастарымен жүздесті. Діни басқарманың «Хәкім Абай» кітапханасында өткен тағылымды кездесуде оқырмандар жазушы Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесін талқылап, негізгі мазмұнын ашты.

Сондай-ақ Шымкент қаласы оқырмандар клубының жетекшісі Ерхан Ерболғанұлы арнайы құттықтау сөзін айтып, «Зейін» клубына сыйлығын табыстады. Өз кезегінде «Зейін» оқырмандар клубы да қонақтарға сый-құрмет көрсетіп, «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын табыстады. Рухани жүздесудегі әсерлі әңгіме кешкі ауызашар дастарқанына жалғасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру