Бүгін ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, ұстаз-ғалымдар тікелей эфирде көрермен сұрақтарына жауап берді.
«Рамазан – Құран айы» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн бағдарламаға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков пен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров қатысты.
Діни басқарманың МУФТИЯТ ҚМДБ YouTube-арнасында және Instagram желісіндегі @muftiyatkz парақшасында өткен тікелей эфирде ғалым-ұстаздар Құран Кәрімді оқудың, жаттаудың артықшылығы, әсіресе, Рамазан айындағы хатым және оны оқудың өзіндік ережелері жайлы насихат айтып, сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ көрермендер оразаға қатысты және өзге де діни сауалдарына тұшымды жауап алды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
07.04.2022
3759
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру