Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ЦИФРЛЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» СЕМИНАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.03.2022 4264 0 пікір
БАС МҮФТИ «ЦИФРЛЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» СЕМИНАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Уақып» қоры ұйымдастырған «Цифрлы қайырымдылық» тақырыбындағы республикалық оқу-семинарының қатысушыларына сертификат табыстады.

Бас мүфти өкілдіктердің қайырымдылық, зекет және уақып бағытына жауапты мамандарына тиісті нұсқамалар мен кеңестер беріп, насихатын жеткізді.

Айта кетсек, Діни басқарманың «Хәкім Абай» кітапханасында өткен игі шараға өңірлік мешіттерде имамдық қызмет атқаратын зекет және уақып саласына жауапты мамандар бір күндік семинар барысында «Зекет және уақыпты ұйымдастырудың инновациялық және цифрлы тетіктері», «Мемлекеттің әлеуметтік жобалары мен бағдарламалары», «Пайғамбарымыздың ﷺ мұқтаждармен қарым-қатынасы», «Зекет пен уақыптың маңыздылығы», «Уақып мәселелері», сондай-ақ «Ғаламтор және әлеуметтік желінің әлеуетін тиімді пайдалану» тақырыптарында дәріс тыңдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру