Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.03.2022 3050 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапары аясында Алға ауданындағы «Есет батыр» мемориалдық кешенінде болды.

Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері мемориалдық кешенде батыр бабамыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

«Алла Тағала елімізді қорғау жолында ерлік танытып, қаза болған ата-бабаларымызға жар болғай. Жаратушы Жаббар Иеміз ата-бабамыз аманат етіп қалдырған жерімізге берекесін жаудырып, халқымызға бақ-береке нәсіп еткей» деп дұға етті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Айта кетсек, Есет батыр – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырлардың бірі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру