Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапарында Досжан ишан Қашақұлының кесенесіне зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.
Айта кетсек, Хазірет Досжан ишан Қашақұлы (1815-1890) – діни ұстаз-ағартушы, ірі ойшыл, өз дәуіріндегі қоғамдық және елдік мүдделерге етене араласқан қоғам қайраткері. Азан шақырып қойылған есімі – Досмұхаммед.
Ол XIX ғасырда қазақтардың Мекке-Мәдина шаһарларына қажылық парызын өтеу сапарларына мұрындық болған. Қазақ шежіресіне қатысты деректер жинаған.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
19.03.2022
3856
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру