Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАҢА ОҚУ ОРДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.03.2022 3218 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАҢА ОҚУ ОРДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында қалада салынып жатқан жаңа діни оқу ордасының құрылысымен танысты.

«Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков Бас мүфтиге құрылыс жұмысымен таныстырып, оқу-ағарту саласы бойынша жүзеге асатын жаңа жобалар жайлы баяндады.

«Алла Тағала жаңа медресеміздің құрылысын жоспарланған уақытта аяқталуын нәсіп еткей. Игі іске үлес қосып жатқан барша азаматтың ізгі амалына мол сауаптан жазғай! Жаратушы Жаббар Иеміз осы медреседен еліміз бен жерімізге қызмет ететін ғалымдар мен ұстаздардың шығуын нәсіп еткей!» деп дұға жасады Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру