Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.03.2022 3333 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында «Нұр Ғасыр» мешітінде «Игі істер» қайырымдылық акциясына қатысты.

«Қайырымдылық – мұсылманның, жалпы халқымыздың жүрегіне мейірімділік сезімін ұялататын ізгі іс. Мешіт – мейірімділік мекені. Діни басқарма қашан да қайырымдылық істерге ұйытқы бола бермек. Біздің игі бастамамызға қолдау көрсеткен барша жомарт жандарға алғысымды білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде бастау алған қайырымдылық акциясы өңір бойынша жүзеге аспақ. Акция аясында күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік салынған қорапшалар 1200 отбасыға үлестірілмек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру