ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххатпен жүздесті. Кездесуге сондай-ақ НМУ проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қатысты.
Кездесу барысында университеттің тыныс-тіршілігі, оқу бағдарламасы, ағымдағы жұмысы мен алдағы жоспары пысықталды. Университет түлектерінің білімі мен жұмысқа орналасу мәселесі де сөз болды.
Сондай-ақ болашақ исламтанушылардың қоғамдағы белсенділігі, шешім қабылдай білуі және жамағаттың ауызбіршілігіне қызмет етуі де баса айтылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
09.03.2022
3130
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру