Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қариялар – ел қазынасы» І республикалық ақсақалдар форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
«Шын мәнінде, кей жағдайда дін қызметкерінің қауқары жетпейтін мәселені қарияларымыз шешіп беруде. Біз осыған дейін ел арасында көрініс тапқан ысырап пен шариғатымыз талап етпеген іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында имамдардың кезекті форумында «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарын қабылдадық.
Осы құжаттарымызды ел арасында белсенді түрде насихаттап, мәселені жіті түсіндіріп, Діни басқарма бастамасына қолдау көрсеткен қарияларымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Алла разы болсын!» деді ҚМДБ Төрағасы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
02.03.2022
3429
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру