Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысына жасаған жұмыс сапарында орталық «Иман» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығы аясында өткен игі шараға қатысты.
Бас мүфти әуелі жас жұбайлардың некесін қиып, Исламдағы отбасы құндылығы, ер мен әйелдің міндеттері туралы насихат айтты. Сонымен қатар отбасы бақытын баянды етуге әсер ететін игі амалдар туралы әңгімелеп берді.
ҚМДБ Төрағасы игі шарада бүлдіршіннің тұсауын кесіп, батасын берді. Сондай-ақ жас жұбайлардың бақытты ғұмыр кешуін Алладан тілеп, дұға жасады.
Айта кетсек, Бас мүфти жыл басында Діни басқарма жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өткен болатын. Жеті бағыттың бірі – дін мен дәстүр.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
26.02.2022
3876
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру