Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.02.2022 3262 0 пікір
ДІНИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде тағылым туралы дәріс оқыды.

Дәріске университет ректоры Марат Қадырұлы, ұстаздар мен студенттер арнайы қатысты.

Ең алдымен Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарын көрсетіп, жастарды жат ағымнан сақтану, сенімді дереккөзден ақпарат алу жағын баса айтты.

«Дінімізде білім алудың маңызы өте жоғары айтылады. Бірақ пайдалы білімге баса назар аудару керек. Қазір уақыттың қадіріне жете бермейміз. Дегенмен жастық шақта уақытты тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға күш салу қажет. Рухымыз биік, тәрбиеміз бен алған іліміміз тең болған жағдайда ғана қуатты үрпаққа айналамыз. Қадірлі шәкірттер Сіздерге Алла Тағала алған білімдеріңіздің пайдасын көруді нәсіп етсін. Әмин!» деп Бас мүфти ақ тілегін жеткізді.

Сондай-ақ дәрісте ұлтқа қызмет, отанды сүю, дәстүрге беріктік, ар мен ұят, имандылық жағы да айтылды. Айта кетейік кездесу соңында студенттер Бас мүфтиге көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Кездесуде университет ректоры Бас мүфтиге алғысын білдіріп, жақында ашылған теология факультеті туралы да айтып өтті. Өз кезегінде Діни басқарма төрағасы факультетке қолдау көрсететінін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру