Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: 2022 ЖЫЛДЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 31.01.2022 3508 0 пікір
ҚМДБ: 2022 ЖЫЛДЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісі басталды.

ҚМДБ басшылық құрамы мен Діни басқарма қызметкерлері, сондай-ақ облыс бас имамдары және медресе-колледж директорларының қатысуымен өтіп жатқан жиын Құран аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел тыныштығы үшін дұға жасады.

Кеңейтілген Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылына арналған бағдарлық баяндамасын жасаса, бөлім басшылары жылдық жоспарларын назарға ұсынбақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру