Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ҰЖЫМЫ ДОНОР БОЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.01.2022 1042 0 пікір
ҚМДБ ҰЖЫМЫ ДОНОР БОЛДЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият ұжымы игі іске бастамашы болып, қан тапсырды.

Елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өткен қайырымдылық шарасына Діни басқарманың 20-дан аса қызметкері қатысты. Дәрігерлердің тексерісінен өткен соң дін қызметкерлері қан тапсырып, сауапты іске ұйытқы болды.

«Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінде «Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең» деп, бір адамды өлімнен құтқару бүкіл адамзатты құтқарумен бірдей екенін жеткізген. Қазіргі таңда елімізде мыңдаған адам қанға мұқтаж. Донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек беруді ұйғарып, Діни басқарма ұжымы бүгін қан тапсырды. Бұл – сауапты амал. Алла сауаптан жазсын!» деді Бас мүфти.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат