Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫ ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІН ДҰҒА ЖАСАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.01.2022 2277 0 пікір
РЕСЕЙ МҰСЫЛМАНДАРЫ ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІН ДҰҒА ЖАСАДЫ

Елімізде болған төтенше жағдайға байланысты Ресей мұсылмандары діни басқармасы және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдин алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Ресей мүфтилер кеңесінің сайтында жарияланды.

Сондай-ақ ол Ресей мұсылмандары Қазақстанның тыныштығы мен береке-бірлігі үшін арнайы дұға жасағанын атап өтті. «Біз Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен ынтымақ-бірлігін сақтап қалу, сондай-ақ қалалар мен көшелерде заңбұзушылыққа жол бермеу мақсатындағы бастамаларды қолдаймыз. Алла Тағаладан Қазақстан халқының осы қысылтаяң шақтан аман-есен өтуін, сабырлы болып, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауды тілейміз» деді Равиль Ғайнутдин.

Айта кетейік, Ресей мұсылмандары Мәскеу мұнаралы мешітінде Қазақстан халқы үшін арнайы дұға жасап, Алла Тағаладан жәрдем тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру