Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МОҢҒОЛИЯЛЫҚ АҒАЙЫНДАР ДА АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРУДЕ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 08.01.2022 2108 0 пікір
МОҢҒОЛИЯЛЫҚ АҒАЙЫНДАР ДА АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРУДЕ

Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлы елдегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Моңғолия мұсылмандарының жамағат болып дұға жасағанын хабарлады.

«Қазақ елінде болып жатқан жағдайды барлығымыз көріп, естіп, біліп отырмыз. Қаншама күннен бері ондағы ағайындармен де байланыс үзіліп, алаңдаудамыз. Тек біз ғана емес киіз тұғырлықты, тағдырлас моңғол ағайындар да алаңдаушылығын білдіруде… Ел іргесі тыныш, халық аман, бейбіт заман болсын! ...Қолымыздан келері – жамағатпен дұға жасау. Тезірек тыныштық орнауын бір Алладан тілейміз!» деді Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру