Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫРҒЫЗ МҰСЫЛМАНДАРЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ ҮШІН ДҰҒА ҚЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 08.01.2022 2373 0 пікір
ҚЫРҒЫЗ МҰСЫЛМАНДАРЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ ҮШІН ДҰҒА ҚЫЛДЫ (ФОТО)

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир қажы Ракиев елдегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Қазақ елінің тыныштығы мен ынтымағы үшін дұға қылды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының ресми парақшаларында жарияланды.

«Құрметті мұсылман бауырлар! ...Баршамыз бауырлас қазақ елі үшін дұға жасайық! Себебі сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Дұға – мұсылманның қаруы» деген. Бір мұсылманның басындағы қайғы барша мұсылманға қайғы әкеледі. «Көршінің қайығы сынса, менің қабырғам сынғандай болады» деп дана халқымыз айтқандай, діні бір, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бір қазақ халқына сабыр мен парасат тілейміз» деді Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир қажы Ракиев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру