Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2021: БІР ЖЫЛДА 193 БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 30.12.2021 1963 0 пікір
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2021: БІР ЖЫЛДА 193 БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

«Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2021 жылы баспанаға мұқтаж 193 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров мәлімдеді.

«2021 жылы «Қайырымдылық» бағыты бойынша 14 203 іс-шара ұйымдастырылды. «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 66 дін қызметкеріне, 127 көпбалалы отбасыға, жалпы бір жылда 193 үйдің кілті берілді. Осыған дейін аталған жоба аясында 506 адам баспаналы болды. «Қайырымды жұма» акциясымен 29 180 отбасы көмек алды. Ал Құрбан айт мерекесінде «Раббың үшін құрбан шал» жобасы бойынша 63 171 отбасыға құрбандық еті таратылды» деді Талғат Сейіткәрімұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру