Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2021: 937 ИМАМ БІЛІМ АЛЫП, 15 073 АДАМ САУАТ АШТЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 28.12.2021 960 0 пікір
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2021: 937 ИМАМ БІЛІМ АЛЫП, 15 073 АДАМ САУАТ АШТЫ

Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков баяндады.

«2020-2021 оқу жылы ҚМДБ оқу орындарын 733 түлек бітірді. Оның 230-ы Нұр-Мүбарак университетін тәмамдады. Биыл Нұр-Мүбарак университетін бітірген 72 түлек, медресе-колледждерді тәмамдаған 234 түлек қызметке орналасты» деді Смайыл Сейтбеков.

Бөлім басшысының баяндауынша, биыл Ислам институтынан – 232, облыстық курстардан – 705, барлығы 937 имам білімін жетілдірді. Діни сауат ашуға қатысқан жалпы жамағат саны – 15 073 адам.

Айта кетейік, бүгінде елімізде барлығы 2713 мешіт бар. Осы мешіттерде 4541 дін қызметкері жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат