Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2021: 127 383 СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 27.12.2021 2514 0 пікір
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2021: 127 383 СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары жыл басынан бері еліміз бойынша 127 383 сұраққа жауап берді.

Пәтуа мамандары жеке кездесуде, телефон арқылы Call-орталыққа хабарласушыларға және әлеуметтік желі қолданушыларының сауалдарына жауап беріп келеді. Мәселен, биыл 28 345 сұраққа жеке кездесуде жауап берілсе, Діни ақпарат беру орталығының 8 71 72 33 30 30 нөміріне хабарласушылар 33 032, ал әлеуметтік желі қолданушыларының 66 006 сұрағына жауап берілген.

Сауалдардың 45%-ы ғибадат, 11%-ы отбасы, 7%-ы мүліктік қатынас, 7%-ы ақида, қалған 30%-ы әртүрлі тақырыптарға қатысты қойылған. Діни сұрақ-жауап ретінде әзірленген мақалалар fatua.kz (108 мақала) пен muftyat.kz (54 мақала) сайттарына және республикалық «Мұнара» газетіне (55 мақала) жарияланды.

Сондай-ақ шариғат және пәтуа мамандарына отбасы құқығына қатысты 313 өтініш келіп түссе, оның 277-сі тиісті шешімін тауып, қалған 36-ы әлі де қаралу үстінде. Сараптамаға 107 кітап келіп түссе, оның 100-іне оң, қалған 7-уіне теріс қорытынды берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру