ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесі 2021 жылы 23 пәтуа қабылдады.
Биыл Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалардың басым көбі заманауи және тұрмыстық мәселелерге қатысты болды. Мысалы, қоғамды алаңдатқан екпе егу, төлем карталарын қолдану, ЛГБТ үкімі, сондай-ақ парақорлық, жалға алған мүлікті жалға беру, ұрық донорлығы секілді көкейкесті мәселелердің үкімі бекітіліп, «Пәтуалар жинағының» үшінші кітабына енгізілді.
Пәтуалардан бөлек 2021 жылы кеңес жұмысында 2 құжат пен 2 ғылыми жоба бекітіліп, 2 мәлімдеме жарияланды.
Айта кетсек, Ғұламалар кеңесі бүгінде пәрменді институтқа айналды. Мұнда шариғатымыздың негіздеріне сүйеніп, мұсылман қауымы арасында туындаған көкейкесті, түйткілді діни мәселелерді талқылап, дер кезінде шариғи пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
27.12.2021
4798
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру