Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 20.12.2021 3776 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған сапары барысында мәдениет, өнер және спорт майталмандарымен жүздесті.

ҚМДБ Төрағасы жиылған қауымды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, отбасыларына амандық, ел үшін атқарып жатқан еңбектеріне береке тіледі.

«Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап еліміз экономикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да елеулі ілгерілеуге қол жеткізді. Соның ішінде діни ахуал жақсарды, дін саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Тәуелсіздік елдегі өнер мен білім-ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің де тынысын ашты. Бұл тұрғыда сіздердің де еңбектеріңіз ерен. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өздеріңіз секілді ел ағалары, ұлт жанашырлары, зиялы қауым өкілдерінің ақыл-кеңесіне жүгініп отыруды естен шығарған емес. Бүгінгі басқосуымыз да бәріміз үшін мәнді, мағыналы боларына шүбә жоқ. Қазақта «Жақсыменен өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей» деген жақсы сөз бар. Шынында, сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін құнды» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосуда Ислам Жеменей, Тұңғышбай Жаманқұлов, Алтынбек Қоразбаев, Марат Тоқашбаев, Жарылқасын Дәулет бастаған өнер мен мәдениеттің тарландары Діни басқарманың ізгі жұмыстарына табыс тілеп, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Алқалы басқосуды наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру