Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «МҰНАРА» ГАЗЕТІ ЖАРИЯЛАҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.12.2021 3285 0 пікір
БАС МҮФТИ «МҰНАРА» ГАЗЕТІ ЖАРИЯЛАҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай республикалық «Мұнара» газеті жарияланған «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау жүлдегерлерін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттады.

ҚМДБ Төрағасы байқау қатысушылары мен жеңімпаздарын Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, байқау қатысушыларына алғыс айтты.

ҚМДБ-ға қарасты Республикалық «Мұнара» рухани-танымдық газетінің шығармашылық байқауы ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың еңбегін, тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға еліміздің барлық аймағынан 50-ге жуық жұмыс ұсынылды. Шығармашылық байқауға ғалымдар, қаламгерлер, мұғалімдер, имамдар, дінтанушылар, басқа да саланың азаматтары қатысып, белсенділік танытты. Байқауға шығармасын ұсынып, атсалысқан барша қатысушыларға Алла разы болсын! Алла Тағала еліміздің руханиятын түгендеп жүрген қаламгерлердің қаламына қуат берсін!», – деді Бас мүфти.

Байқауға жолданған жұмыстарды ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, ақын, драматург, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің оқытушысы Ұларбек Нұрғалым, алаштанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Журналистика зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ұшқын Сәйдрахман бастаған қазылар алқасы саралады.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынға (Ұмра қажылығына жолдама) Абай Қалшабек (Шымкент қаласы), екінші орынға (200 мың теңге) Қайым-Мұнар Табеев (Алматы қаласы), үшінші орынға (100 мың теңге) Амантай Тойшыбайұлы (Павлодар) ие болды.

Қазылар алқасының мүшесі Сәуле Досжан 2 қатысушыға арнаулы сыйлық тағайындады. Екі арнаулы сыйлықты (100 мың теңгеден) Толымбек Әбдірайым (Нұр-Сұлтан) мен Алпамыс Файзолла (Нұр-Сұлтан) иеленді.

Ынталандыру сыйлығына Самал Жаметова (Батыс Қазақстан облысы), Қуат Қиықбай (Семей қаласы), Абай Мырзағали (Алматы қаласы), Есхан Ақназаров (Алматы облысы) және Ислам Қаюпов (Қызылорда қаласы) ие болды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру