Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: SMIIC басшысымен кездесті

halaldamu.kz 07.12.2021 2257 0 пікір
Халал Даму: SMIIC басшысымен кездесті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегацияның Түркия Республикасына сапары барысында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Стамбул қаласында «SMIIC» (Ислам мемлекеттері стандарттар және метрология институты) бас директоры Ихсан Овютпен кездесті.

Ресми кездесуде халал стандарттау және сертификаттау ұйымдары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту, әріптестік байланысты арттыру, тәжірибе алмасу, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру, халықаралық деңгейдегі бірлескен іс-шараларды (конференция, семинар, кездесу т.б.) ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Айбек Асқарбекұлы біліктілікті арттыру, оқу-ағарту, практикалық тәжірибе алмасу және стандарт дайындау бойынша бірқатар жобаларды ұсынды.

Өз кезегінде, Ихсан Овют мырза «Халал Дамудың» халықаралық деңгейде дайындалып, бекітілген 6 стандартын жоғары бағалап, алдағы уақытта бірлескен шараларды жүзеге асыратындығын, әрдайым қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру