Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ МЕН МАРМАРА УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.12.2021 2743 0 пікір
ҚМДБ МЕН МАРМАРА УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Түркияның Стамбұл қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Мармара университетінің ректоры, профессор Мұстафа Курт екіжақты ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Аталған келісім Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты негізге ала отырып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мармара университеті арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру және діни білім беру саласында жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. 

Келісім аясында ҚМДБ діни білім алуға ниетті қазақстандық талапкерлерді Мармара университетіне жолдай алады. Еліміздегі Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары мен Мармара университетінің оқытушылар құрамы арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер мен курстар ұйымдастыру көзделмек. Дәрістер мен семинарлар ұйымдастыру үшін білікті дін ғалымдарымен тәжірибе алмасу да осы келісім аясында жүзеге асады. Аталған меморандум қол қойылған күннен бастап 5 жылға дейін күшінде болады.  

Екіжақты кездесу барысында тараптар діни білімнен бөлек әлеуметтік пәндерді де дамыту турасында келісімге келді. Бүгінде бұл университетте 124 қазақстандық шәкірт білім алуда. Ал жалпы алғанда оқу ордасында 80 мың студент бар.

Айта кетейік кездесуге Діни басқарма делегациясынан бөлек Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Мармара университеті илаһият факультетінің деканы, профессор Исмаил Сефа Устун қатысып, аталған меморандумға қолдау көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру