Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СТАМБҰЛДАҒЫ ХАСЕКИ АКАДЕМИЯСЫНДА БОЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 04.12.2021 3027 0 пікір
БАС МҮФТИ СТАМБҰЛДАҒЫ ХАСЕКИ АКАДЕМИЯСЫНДА БОЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұлдағы сапарын діни білім беретін озық оқу орындардың бірі Хасеки академиясына арнайы барып, ұстаздар мен шәкірттердің қазіргі заманауи білім берудегі ерекшелігімен танысты.

Білім ордасының басшысы Тунжай Башоглы Бас мүфтиді ықыласпен қарсы алып, Хасекидегі оқу корпусын таныстырды. Оның айтуынша, 1975 жылы ашылған білім ордасын осы күнге дейін 1300 түлек тәмамдапты. Соңғы 10 жылда Қазақстаннан келіп оқып жатқан студенттердің де саны артқан.

Кездесу барысында оқу ордасының жетекшісі жуырда ҚМДБ мен Түркия Дін істері басқармасының төрағалары қабылдаған меморандумға сай әріптестік байланысты жақсарта беретінін жеткізді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Дәстүрлі Исламды қалыптастыру жолында соңғы 40 жылда елдің ықыласына бөленген білім ордасымен байланысымыз беки түспек. Елімізден келіп білімін жетілдіріп жатқан шәкірттер жаңаша бағытта түрлі әдебиеттерді пайдалану, Құран жаттаудың методикасын меңгеруге мүмкіндік алды», – деп атап өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында Бас мүфти елімізде Ислам академиясы  бой көтеретінін жеткізді. Хасеки академиясы басшылығы аталған оқу орнына жан-жақты қолдау көрсетінін білдірді.

Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы айтулы оқу ордасымен әріптестік байланыс бекіп, елімізден келетін шәкірттерге қолайлы жағдай жасалатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру