Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТҮРКИЯ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.12.2021 2960 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ТҮРКИЯ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Анкарадағы Түркия Дін істері басқармасына қарасты Ғұламалар кеңесінің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында Бас мүфти кеңес мүшелерімен пікір алмасып, қазіргі қоғамдағы өзекті пәтуаларды қабылдау барысындағы жаңашылдық бағыттар жайында сөйлесті.

Делегацияны қабылдап, Ғұламалар кеңесінің қазіргі жұмысы туралы баяндаған төраға Әбдірахман Хачкалының айтуынша кеңестің құрамында 16 адам бар. Бір жылдың ішінде 60 мың пәтуа шығарған.

Сондай-ақ делегация құрамында келген наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы соңғы жылдары Ғұламалар кеңесі шығарған пәтуаларды таныстырып, күрделі діни шешімдер турасында өз ойын ортаға салды.

Кездесу соңында тараптар шариғи мәселелерді бірігіп талқылап, ортақ шешім шығару барысында бірізділікке келуге уағдаласты.

Айта кетейік, бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Түркия Дін істері басқармасының басшысы Әли Ербаштың қатысуымен өткен кездесуде Ғұламалар кеңесі жұмысын жандандырып, екіжақты тәжірибе алмасуды көздейтін ортақ жоба қолдау тапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру