Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ЖОМАРТ ЖҰМА»: БАС МҮФТИ БАСТАМАСЫ ҚОЛДАУ ТАБУДА (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 30.11.2021 2762 0 пікір
«ЖОМАРТ ЖҰМА»: БАС МҮФТИ БАСТАМАСЫ ҚОЛДАУ ТАБУДА (ФОТО)

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырған болатын.

Бас мүфти бастамасына отандық кәсіпкерлер мен шетелдік дін қайраткерлері, әлемдік ірі телеарналар да қолдау көрсетуде. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы игі бастамаға қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдіреді. Алла Тағала кәсіптеріңізге береке нәсіп етсін. Әмин!   

Айта кетсек, «Жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді» делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру