Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҮНДЕУІ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.11.2021 2538 0 пікір
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҮНДЕУІ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

Нұр-Сұлтан қаласында ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы қорытындысы бойынша арнайы үндеу қабылданды. Үндеуді жиын модераторы – ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар оқып берді.

«Мерейлі 30 жылда еліміздің мұсылман қауымы бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан жұрт екенін дәлелдеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аясына бірікті. Өз кезегінде Діни басқарма ел мұсылмандарын ұйыстырған қара шаңыраққа айналды. Тәуелсіздік рухымен тыныстаған халық тарихы мен тағдырына, діні мен діліне бет бұрды. Соның нәтижесінде еліміздің дін саласында едәуір маңызды жұмыстар атқарылды. Біздің ендігі міндет ел мұсылмандарының ынтымақ-бірлігін арттырып, барша адамзатқа ортақ құндылықтарды қадірлеп, асыл дініміздің айбынын асыру болмақ.

Сондықтан біз, «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» конференциясына қатысқан дін қайраткерлері мен ұлт зиялылары, діни келісім мен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп, оларды үздіксіз насихаттауға, адамзатқа ортақ құндылықтарға құрмет көрсетуге, халықтардың тарихи-рухани мұраларын қадірлеуге, жастарымызды түрлі теріс діни идеологиялардан қорғап, діни ағымдардың жетегіне еріп кетпеуден сақтауға, керісінше Исламның асыл мұралары мен діни құндылықтарды көбірек насихаттауға үндейміз» делінген конференция үндеуінде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру