Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МОҢҒОЛИЯ МҮФТИІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.11.2021 3441 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МОҢҒОЛИЯ МҮФТИІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы  Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек Хадыспен кездесті.

«Шақыртуымызды қабыл алып, конференциямызға келгеніңіз үшін сізге айрықша алғысымды білдіремін. Ертең елордамызда өтетін халықаралық конференцияда сіздің тарапыңыздан айтылар тағылымды сөз өскелең ұрпақты ізгі ойларға жетелеп, тәуелсіздігіміздің қадірін сезіне түсуге үндейді деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Батырбек Хадыс конференцияға шақырту жіберген Бас мүфтиге алғысын білдіріп, ізгі ниетін жеткізіп: «Қай жерде жүрсек те атамекенде болып жатқан жақсы жаңалықтарға қуанамыз. Атамекенге келген сайын қуат алып қайтамыз. Бізге қолдау көрсетіп, қамқор болып келе жатқан сізге ерекше ризашылық ниетімді жеткіземін. Арқа сүйер атамекеніміз бен қарашаңырағымыз – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының барына шүкір айтамыз» деді.

Кездесу барысында қандасымыз Бас мүфтиді Моңғолияның мемлекеттік медалімен марапаттап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетсек, ертең Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел егемендігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру