Нұр-Сұлтан қаласында ҚМДБ мен алғашқы исламдық финтех Tayyab Қазақстанда исламдық финтехті қолдау және ілгерілету мақсатында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан меморандумға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, ал Tayyab тарапынан жобаның негізін қалаушылардың бірі Данияр Успанов қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – әріптестік қатынастарды нығайту және исламдық қаржыландыруды дамыту.
Аталған жоба исламдық өмір салтын ұстанатын азаматтар үшін жақын маңдағы мешітті, намазхананы, халал дәмхана табуды жеңілдетеді. Сонымен қатар намаз уақыты мен азан, құбыла компасы, зекет калькуляторы бойынша оңай ақпарат алуға болады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру