Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ШЫҢДАУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі 23.11.2021 546 0 пікір
ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ШЫҢДАУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов пен Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай іс-сапармен Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Олар облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде өткен қала және аудан имамдарының білімін шыңдауға арналған семинарға қатысты. Семинар барысында Исламның негізгі мәселелері – ақида, фиқһ, мәзһаб ұстану, сонымен қатар Ихсан ілімі тақырыптары қамтылып, талқыға салынды.

Наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы аталған шараның мәні мен маңызын, көзделген мақсатын айтып түсіндірді.                               

Тағылымы мол семинарға өңірдің 15-ке жуық имамы қатысты. Үш күндік семинарға қатысқан үміткерлер арнайы сараптамадан өтті. Сараптама қорытындысы бойынша имамдарға арнайы сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі