Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 19.11.2021 252 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінде ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жұма намазын оқыды.

«Жамағатпен құлшылық етудің сауабы» тақырыбында жұма уағызын жүргізген наиб мүфти: «Дініміздің тірегі болған намаз құлшылығын жеке оқығаннан гөрі, жамағатпен оқудың сауабы әлдеқайда артық. Жалпы, ханафи мәзһабында ер кісілердің бес уақыт парыз намазды жамағатпен оқулары бекітілген сүннет деп танылады. Намазды жамағатпен оқудың сауабына байланысты ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Кімде-кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түннің жартысын намаз оқып өткізгеніндей сауап алады. Ал, егерде таң намазын да жамағатпен оқыса, түннің барлығын намаз оқып өткізгеніндей сауап алады» деген хадисті айтып өтті.

Жұма намазының құтпасы оқылып, жамағатпен бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады. 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі