Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«НҰР АСТАНА» МЕШІТІНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЕСІМІ БЕРІЛДІ (ФОТО)

muslim.kz 19.11.2021 1149 0 пікір
«НҰР АСТАНА» МЕШІТІНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЕСІМІ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Бүгін, қасиетті жұма күні елорда төріндегі «Нұр Астана» мешітінің атауы өзгертіліп, ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың есімі берілді. Жұма намазына жиналған жамағат алдында салтанатты шара өтіп, қуанышты хабар арнайы жария етілді.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған салтанатты шараға арнайы қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мешітке әл-Фараби есімі берілуінің маңыздылығын атап өтіп, ізгі тілегін білдірді. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай көтерілген бұл бастаманың ҚМДБ Төралқа мәжілісінде мақұлданғанын жеткізіп, жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін оқыды.

Данышпан бабамызға деген құрмет үлгісіндей болған салтанатты шараға белгілі қоғам қайраткері Ғарифолла Есім, академик Дихан Қамзабекұлы сынды ел ағалары да қатысып, қуанышын бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі