Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІН АҚТАУҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.10.2021 3694 0 пікір
АЛМАТЫДА ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІН АҚТАУҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінің ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ДІН ДҮРБЕЛЕҢІ»: КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ДІНГЕ ҚАРСЫ РЕПРЕССИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

Алқалы жиында алдымен саяси қуғын-сүргін көрген дін қайраткерлерінің рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Конференция ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының баяндамасымен ашылды.

Сондай-ақ жиында Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Сейдуманов, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, ҰҒА академиктері, тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Дархан Қыдырәлі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жұмыс тобының мүшелері Бақытжан Сатершинов, Рахым Бекназаров, Досай Кенжетай, Юлия Шаповал, сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері Шамшәдин Керім, Мұхан Исахан, Төреәлі Қыдыр т.б тарихшы ғалымдар баяндама жасайды.

Баяндамашылар саяси қуғын-сүргін тарихындағы дін өкілдері мен кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары жайлы баяндайды. Жиын соңында конференция жұмысы қорытындыланып, арнайы қарар қабылданбақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру