Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 465-ҮЙДІҢ КІЛТІН ЖАС ИМАМҒА ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.10.2021 1256 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ 465-ҮЙДІҢ КІЛТІН ЖАС ИМАМҒА ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Мағжан Жұмабаев ауданы Ноғайбай ауылында жаңадан салынған баспана кілтін жас имам Елнұр Нұрмаханға табыстады.

«Діни басқарма ауылда аянбай еңбек етіп жатқан жас имамдарды әлеуметтік тұрғыдан барынша қолдап келеді. Аллаға шүкір, дін жанашырлары біздің бастамамызға жан-жақты қолдау көрсетуде. Ауыл имамы алаңсыз қызмет етсін деген ниетпен баспана әперуге көмектескен демеуші азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен берілген 465-пәтер ауыл имамына бұйырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі